Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтанда 15 қарашада қар жауып, боран соғады.

Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
фото: Қазақпарат

15 қарашада Ақмола облысының кей жерінде қар жауады, тұман түсіп, боран соғады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, деп хабарлады paryz.kz, "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Көкшетауда боран соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 85-90%.

Ертең Түркістан облысының кей жерінде тұман түсіп, оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 метр, күндіз таулы аудандарда секундына 25 метр жел тұрады. Шымкентте 15 қарашада оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 5-20 м/с.

15 қарашада Павлодар облысының кей жерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Павлодарда күндіз көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Бұл күні Қызылорда облысында көктайғақ болады.

Ал Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз кей жерде 15-20 м/с дейін жетеді.

15 қараша күні күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел күндіз кей жерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Петропавлда тұман, көктайғақ, бұрқасын болжанып отыр. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының кей жерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Қостанайда күндіз солтүстік-шығыстан секундына 18 метр жылдамдықпен жел соғады.

14-16 қарашада Жамбыл облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерде секундына 15-20 метр, 15 қарашада екпіні секундына 23-28 метр жылдамдыққа дейін жетеді.

Таразда 14-16 қараша күндері тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз 14, 15 қарашада солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні секундына 15-20 метр жел соғады.

14-15 қарашада Қарағанды облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. 14 қараша күндіз, 15 қараша түнде оңтүстік-батыстан жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.