Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Ақтауда балалы әйелді сыммен тұншықтырған екі қарақшы іздестіріліп жатыр

Ақтауда белгісіз екі адам әйел мен бала тұратын пәтерге кіріп, анасын баласының көзінше сыммен тұншықтырмақ болған. Болған оқиға туралы Маңғыстау облысының полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Рaryz.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ақтауда балалы әйелді сыммен тұншықтырған екі қарақшы іздестіріліп жатыр
ашық дерек көздерінен

«Белгісіз екі адам көршімізді тонап кетті. Ол үйде кішкентай баламен жалғыз отырған, шабуыл кезінде күйеуі жұмыста болды. Есігіне құлып салынбаған пәтерге кірген қаскөйлер әйелді сыммен тұншықтырып, қинап, үйді тонап кетті. Құдайға шүкір өзі тірі қалды", - деді жәбірленушінің көршілері.

Маңғыстау облысының полиция департаменті 22 маусым күні сағат 15:25-те "102" кезекші пультіне пәтерді тонау туралы қоңырау түскенін хабарлады. Оқиға орнына тәртіп сақшылары барды. Қазір күдіктілерді ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.