Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Атбасар маңынан әйелдің бөлшектелген мүрдесі табылды – Ақмола облысы

Қанды оқиға кеше Жабай өзенінің жағасында болған. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, күдікті ұсталған, деп хабарлайды Рaryz.kz  «Хабар 24» сілтеме жасап.
 

Атбасар маңынан әйелдің бөлшектелген мүрдесі табылды – Ақмола облысы
ашық дерек көздерінен

Жабай өзені жағасында демалып жатқан балықшылар таң ата қамыс арасында жатқан аузы буылған қапты байқап қалған. Ортаға алып шығып, ашқанда, зәрелері ұшқан. Онда адамның бөлшектелген дене мүшелері салынған екен. Аяқ-қолдары мен санын кескілеп, қапқа тығыздап тасталған.

Алайда құзырлы орган өкілдері оның кім екенін ашып айтпай отыр. Тіпті айуандықпен өлтірілген адамның тұлғасы анықталса да, ол туралы ақпаратты жариялаған жоқ. Ал әлеуметтік желіде оның қыз бала екені айтылады.

Гүлнәр Пинчук, Облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

 Аталған дерек бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабы, яғни, кісі өлімі бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ал қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпараттар жария етілмейді.

 

Полицейлер айуандықпен өлтірілген адам Атбасар қаласының 25 жастағы тұрғыны екенін анықтаған. Көршілері марқұм сәуірден бері көрінбей кеткенін айтқан. Қазір полиция сүңгуірлермен өзеннен марқұмның басы мен өзге де дене мүшелерін іздестіріп жатыр. Қанды оқиғаға қатысы болуы мүмкін күдікті қамауға алынған.