Нұр-Сұлтанның орталығында есірткі зертханасы табылды, деп хабарлайды Рaryz.kz КазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.
«20 маусымда полиция қызметкерлері ҰҚКД-мен бірлесіп жертөле қабатында жалға алынған бөлмеде өсіруге тыйым салынған есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіріп жүрген екі ер адамды ұстады», - делінген сейсенбі күні таратқан хабарламада.
Қарасора өсіруге арналған арнайы жабдықтар алынды: шамдар, желдеткіштер, контейнерлер, орауыш материалдар, электронды таразылар, тыңайтқыштар.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.
Күдіктілер Нұрсұлтан қ.ПД УҰИ-ға қамалды.