Шардарада жол апатынан 3 жолаушы мен жүргізуші көз жұмды. Ал бір жолаушы жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде аталған көлік апаты туралы видео тарады. Онда көліктің қатты жылдамдықпен келіп, сайға құлап түскенін көруге болады.
"Көлік апатының мән-жайы тергеп-тексеру барысында анықталатын болады. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен тіркеуге алынды. Сараптама тағайындалды", – делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.