Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Ақтөбеде элеваторға құлап кеткен 9 жасар бала қайтыс болды

Ақтөбеде элеваторға құлап кеткен бала қаза тапты. Бала осы уақытқа дейін комада болып, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған реанимацияда болған. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалаған еді, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Ақтөбеде элеваторға құлап кеткен 9 жасар бала қайтыс болды

31 Мамырда 9 жасар бала қаланың ескі бөлігіндегі қаңырап бос тұрған элеваторға биіктіктен құлап кетеді.

Облыстық балалар ауруханасына оны ес-түссіз, көптеген жарақаттармен және гипотермиямен алып келген.

Бұдан бөлек балада ауыр ми жарақаты, церебральды ісіну, қан кету, гематомалар және абразиялар болды.Бала комада болып, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған реанимацияда болған. Оның жағдайын өте ауыр деп бағалаған.

Балалар ауруханасының бас дәрігері Ербол Жапахов дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, баланың 18 маусымда 22 сағатта қаза болғанын хабарлады. Баланың алған жарақаттары өте ауыр болған көрінеді.