Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Мейржан тұтылды. Ал, алданғандар ұтылды ма?

Алматы қалалық полиция департаменті Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады деп жариялаған Kozachkov offside  Telegram арнасындағы парақшасында деп хабарлайды Paryz.kz.

Мейржан тұтылды. Ал, алданғандар ұтылды ма?
ашық дерек көздерінен

Біраздан бері Мейржанды да ұмыттыппыз. Десе де, маусымның 16 күні Алматы қалалық полиция департаменті  Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты қозғалған қылмыстық істі тергеуді аяқтаған. Іс бойынша барлық фигуранттарды, оның ішінде Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты тек қаржы пирамидасын құрушы ретінде ғана емес, қылмыстық топты ұйымдастырушы ретінде айып тағылып отыр. Бұл оларға орта есеппен сегіз жылды арқалатпақ. Оның үстіне қылмыстың бұл түрі бойынша шартты жаза қарастырылмаған. 

Бүгін Алматы қаласының тергеу соты М.Төребаев пен М.Шерниязовқа қылмыстық іспен танысу кезеңіне қамау уақытын созды.