Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қостанайда сарай өртеніп, одан екі адамның мәйіті табылды

Қазіргі уақытта олардың жеке бас мәліметтері анықталуда.

Қостанайда сарай өртеніп, одан екі адамның мәйіті табылды
Фото: ашық дереккөз

Қостанай облысы ТЖД қызметкерлері өртенген сарайдан екі адамның мәйітін тапты, деп хабарлады paryz.kz, облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға бүгін Қостанай-2 шағын ауданындағы жеке тұрғын үй секторы аумағында болған.

"13 қараша күні сағат 05-15-те ТЖД кезекші пультіне Мостовая көшесінің бойындағы жеке меншік тұрғын үй аумағынан өрт шыққандығы туралы ақпарат келіп түсті. Онда шаруашылық құрылысына арналған сарай өртенген. Оқиға орнына шұғыл түрде 12 құтқарушы және 2 өрт сөндіру техикасы жіберілді. Өрт аумағы 25 шаршы метрді құрады. Ашық жалын сағат 05-44-те толығымен сөндірілді", - делінген ведомство хабарламасында.

Өртенген сарай орнынан күйік шалған 2 адамның мүрдесі табылды. Қазіргі уақытта олардың жеке бас мәліметтері анықталуда. Үй иесінің айтуынша, өртенген сарай отын сақтау үшін қолданылған. Өрттің шығу себебі белгісіз. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.