Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Шымкентте 1 млн теңге тұратын тон ұрлаған келіншек ұсталды

Шымкентте әйелдердің сырт киімі сатылатын дүкенге келген әйел қымбат тонды ешкімге байқатпастан қолды етті, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К-ға сілтеме жасап. 

Шымкентте 1 млн теңге тұратын тон ұрлаған келіншек ұсталды

Оқиға қаладағы сауда орталықтарының бірінде болған.

Дүкен сатушысы бұл ұрлықтан алғашында бейхабар болған. Тек сатылымдағы тауарды түгендеу кезінде қымбат тонның жоқтығын байқаған. Дереу полицияға хабарласыпты.

Дүкен ішіндегі бейнебақылау камерасынан белгісіз әйелдің құны шамамен 1 миллион теңге тұратын италиялық тонды ұрлап әкеткенін көруге болады.

Кең юбка киген әйел қымбат тонды екі бұтының арасына салып жатады. Оның қасында тағы екі әйел болған. Бірі сатушының назарын өзіне аудартып тұрса, екіншісі қымбат тонды қолды еткен әйелдің көзге түсіп қалмауына әрекет жасайды.

Полицейлер тонды қолды еткен әйелдің кім екенін анықтап үлгерді.

Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 188-бабы 2-бөлігімен (Ұрлық) тіркеуге алынды. Полицейлер тарапынан күдіктінің жүрген жерін анықтауға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр

— деді қалалық Полиция департаментіндегілер.