Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

"2-і қаза тапты": Қызылордада 10 бала терезеден құлаған

Қызылордада үш жасар сәби төртінші қабаттан құлап кетті. Қазір баланың жағдайы жақсарды, деп хабарлайды Paryz.kzStan.kz-ке сілтеме жасап.

"2-і қаза тапты": Қызылордада 10 бала терезеден құлаған

Облыс орталығындағы "Арай" мөлтек ауданында 3 жасар сәби 4-қабаттан құлап, ауруханаға жеткізілді. Қазір баланың жағдайы жақсы.

Оқиға бойынша полиция қызметкерлері тексеріс жұмыстарын жүргізуде. Кейінгі жылдарда қалада балалардың көпқабатты тұрғын үй терезесінен құлап кету жағдайы жиі тіркелуде.

"Биыл мұндай 3 жағдай тіркелген. Былтыр 10 бала терезеден құлап, оның 2-і қаза тапты. Осы себепті жаз бойы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізеді", – деді Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жасұлан Түймебаев.