Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Қарағанды облысында анасын 14 мың теңге үшін тонаған азамат ұсталды

Қарағанды облысында ауыл тұрғыны өз анасын тонап кеткен, – деп хабарлайды Paryz.kzPolisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қарағанды облысында анасын 14 мың теңге үшін тонаған азамат ұсталды
Сурет: ашық дереккөз

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының полиция қызметкерлері бір күнде үш ұрлықты ашты.

 81 жастағы зейнеткер қоңырау шалып, белгісіз біреу үйден 9 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткеніне шағымданған. Жалпы шығын сомасы 14 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол өтініш берушінің 42 жастағы ұлы болып шықты. Заттай дәлел – ұялы телефон тәркіленіп алынды.

Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.