Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

17 мыңнан астам ақтөбелік қаржы пирамидасынан алданып қалған

Ақтөбеде былтыр маусымда "Гарант 24 Ломбард", "Выгодный займ" және басқа да қаржы пирамидаларының айыпталушыларына қатысты сот басталған болатын, - деп хабарлайды paryz.kz"Диапазон" сайтына сілтеме жасап.

 

17 мыңнан астам ақтөбелік қаржы пирамидасынан алданып қалған
Сурет: diapazon.kz

"Гарант 24 Ломбард" пирамидасына қатысты айыпталушылар үйқамаққа алынды. Естеріңізге саламыз Ақтөбеде былтыр "Гарант 24 Ломбард", "Выгодный займ" және басқа да қаржы пирамидаларының айыпталушыларына қатысты сот басталған еді.

Басылым мәліметінше, қылмыстық істе 3786 том бар. Соттан барлығы 17 мың 268 жәбірленушіден жауап алуы керек. Сотталушылар саны - 48 адам, олардың 31-іне бұлтартпау шарасы тағайындалған. Бірақ ҚІЖК нормалары бойынша, сот бұл бұлтартпау шарасын бір жылдан аса уақытқа ұзарта алмайды.