Павлодарда өзенді жүзіп өтпек болған мұғалім суға батып кетті, – деп жазады paryz.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Суда жақсы жүзетінін көрсетпек болған мұғалім оқушылардың көз алдында суға батып кетті. ТЖД бастығының орынбасары Олег Трещевтің айтуынша, Усолка өзенінде Торайғыров университеті жоғары колледжінің мұғалімі суға батып кетті. Ол колледж оқушыларын өзенге апарған. Өзінің суда жақсы жүзетінін көрсетпек болған. Алайда өзенді жүзіп өтіп, жағалауға жетуге күші жетпей қалған. Мұғалім колледждің 1-2-курс студенттеріне далалық әскери оқу-жаттығу өткізіп жүрген.
Мұндай жаттығу тек колледждің аумағында өтуі тиіс. Айтуларынша мұғалім өзі бастама көтеріп, өзенге барған.
Осы оқиғаға байланысты полиция тергеу жүргізіп жатыр.