Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Жаңаөзенде жұмысқа тұра алмағандар ғимарат алдында өздеріне пышақ соққан

Жаңаөзенде екі ер адам "Өзенмұнайгаздан" жұмыс сұрап, қызметке орналаса алмағаннан кейін өздерін жарақаттаған, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Жаңаөзенде жұмысқа тұра алмағандар ғимарат алдында өздеріне пышақ соққан
Сурет: ашық дереккөз

Қала әкімдігінің хабарлауынша, 9 маусым күні сағат 15.00-де бір топ адам жалпы кезекті айналып өтіп, компанияға жұмысқа орналасуды талап етіп, "Өзенмұнайгаз" АҚ ғимаратының алдына жиналған.

"Жұмысқа орналаса алмаған екеуі - азамат С.К. және азамат С.Т. (бұрын сотталған) іштің алдыңғы қабырғасы мен білек аймағына пышақпен жарақаттар салып, екеуі де қалалық ауруханаға жатқызылды", - делінген ақпаратта.

Олар жедел жәрдем бөлмесінде қаралды, өміріне қауіп жоқ.  Келгендердің бірі ауруханаға жатқызудан бас тартып, аурухана ғимаратынан шығып кетті.

Әкімдіктің мәліметінше, ер адамдар бұрын оқудан өтіп, 1 маусымда жеке компанияға 250 мың теңге жалақымен жұмысқа орналасқан.

"Оларға мұнай-газ саласына жұмысқа қабылдау алгоритмге сәйкес, жалпы кезек тәртібімен жүзеге асырылатыны бірнеше рет түсіндірілді. Алгоритмді бұзу, кезексіз жұмысқа орналастыру басқа жұмысқа орналасуға үміткерлерге әділетсіздікке әкеп соғады"- делінген хабарламада.