Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

143 рет жол ережесін бұзған шымкенттіктен көлігі тәркіленді

Шымкентте 3 млн теңгеден асатын айыппұлын төлемеген жүргізуші анықталды, деп хабарлады Paryz.kzPolisia.kz-ке сілтеме жасап.

143 рет жол ережесін бұзған шымкенттіктен көлігі тәркіленді
Сурет: ашық дереккөз

Тәртіп сақшылары көшелерді патрульдеу кезінде жылдамдықты асырып келе жатқан Ravon Nexia көлігі туралы “Қорғау” қосымшасы арқылы сигнал алады.

Сонымен қатар, бағдарлама жалған нөмірі бар көліктің алдыңғы бұзушылықтары үшін төленбеген айыппұлдары бар екенін көрсетті. Яғни, көлік жүргізушісінде жыл басынан 143 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген, ал оның айыппұл сомасы 3 млн теңгеден асып кеткен. Көлік иесіне барлығы ескертіліп, түсіндірме жұмысы жүргізіліп, тиісті хаттама толтырылып, автокөлік арнайы айыптұрағына қойылды. Еске салайық Шымкентте сәуір айынан бастап “Қорғау” бағдарламасының көмегімен 4468 жол ережесін бұзу жайтына қатысқан 1200-ге жуық жүргізуші жауапқа тартылды. Оның ішінде сақтандыру құжатынсыз көлік басқарған 627 тізгіндеуші, шетелдік нөмір таққан 275 автокөлік пен айыппұлы төленбеген 31 азамат анықталды. Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, заңды шаралар тағайындалды.