Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

"Бірнеше рет пышақ сұққан": Петропавлда полиция қызметкерінің өз үйінде мәйіті табылды

Солтүстік Қазақстан облысында өз үйінен полиция инспекторының мәйіті табылды. Полиция қызметкерінің кеуде тұсына бірнеше рет пышақ сұққан.

Марқұмның әйелі күйеуін өлтірді деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К-ға сілтеме жасап. 

"Бірнеше рет пышақ сұққан": Петропавлда полиция қызметкерінің өз үйінде мәйіті табылды
Сурет: ашық дереккөз

Солтүстік Қазақстан облысының құқық қорғау органдары әріптесінің өліміне тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олардың пайымдауынша, қайғылы оқиға отбасылық жанжал кезінде болған.

Болған оқиғаның оның кәсіби қызметіне еш қатысы жоқ. Тергеушілердің негізгі нұсқасы бойынша өлімге жанжал мен араздық қарым-қатынас себеп болып отыр,

— деді СҚО прокурорының орынбасары Мұрат Қожамқұлов.

Аталған қылмысқа қатысы бар күдікті ретінде полиция қызметкерінің әйелі тергеліп жатыр.

Марқұмның артында екі кішкентай баласы қалды.

Полиция барлық қажетті сараптамаларды жүргізіп жатыр. ҚК-нің 99-бабының 1-і тармағына сәйкес (Кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды,

— делінген хабарламада.