Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Шымкентте ер адам баламен жүрген келіншекті зорламақ болған

25 мамырда Шымкент қаласындағы көп қабатты тұрғын үйдің лифтісінде балалы келіншекке белгісіз ер адам шабуыл жасаған, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Шымкентте ер адам баламен жүрген келіншекті зорламақ болған

Қазір ол іздестіріліп жатыр.

Аталмыш жайыттың видеосы танымал мессенджерде таралады, сонымен қатар жергілікті сайттың желідегі парақшасында жарияланды. Кадрдан тұрғын үйдің лифтісіне кірген балалы әйелдің соңынан белгісіз ер адамның ілесе кіріп, лифтінің есігі жабыла салысымен, оған шабуыл жасағанын байқауға болады.

Қуанышқа қарай, лифт есігі ашылып, келіншек баласымен бірге қашып шығады. Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"2022 жылдың 25 мамырында Шымкент қалалық полиция департаментінің Қаратау аудандық бөлімшесіне жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз азамат жыныстық қатынасқа мәжбүрлемек болғанын айтты. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 24-120 бабы ("Зорлауға оқталу" дерегі) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған жайт бойынша білікті полиция қызметкерлерінен арнайы топ құрылып, күдіктінің тұлғасын және жүрген жерін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іс полиция департаменті басшылығының бақылауында", - дейді Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.