Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Қосшыда үш жасар бала терезеден құлап кетті

Қосшыда 3 жасар ұл бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Қосшыда үш жасар бала терезеден құлап кетті

Бүлдіршін дереу елордадағы ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы Ақмола облысы полиция департаменті Instagram парақшасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, оқыс жағдай 21 мамырда болған. Нұр-Сұлтан қаласы балалар ауруханасының нейрохирургия бөлімшесіне 2019 жылы туған бала жеткізілген. Тексеру барысында бүлдіршіннің 4 қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткені анықталды. Бұл кезде баланың анасы үйдің жанындағы азық-түлік дүкенінде болған. Полицейлер отбасының жайлы екенін, арнайы есепте тұрмайтынын атап өтті.

"Одан әрі тексеру барысында оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталатын болады. Тексеру қорытындысы бойынша негіздемелер болған жағдайда ден қою шаралары қабылданатын болады", - делінген хабарламада. Қазір баланың жағдайы тұрақты деп бағалануда.