Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

“Қазақша сөйлеуге міндеттісің”: Такси жүргізушісі 26 жасар қызды ұрып тастаған

Такси жүргізушісінің қайтаратын 500 теңгесі болмай қалғанынан басталып, ол қыздың телефонын сындырғанынан басталған,деп хабарлайды Paryz.kz, Caravan.kz-ке сілтеме жасап. 

“Қазақша сөйлеуге міндеттісің”: Такси жүргізушісі 26 жасар қызды ұрып тастаған

26 жасар Аделина Кирьянова 21 мамыр күні Алматы облысы Өтеген ауылына дейін такси ұстаған. Алдын ала таксидің бағасына келіскен.

Аделина жүргізушіден 500 теңгені қайтаруды сұраған кезде ол қызға орысша түсінбейтінін, қазақша сөйлеуін талап еткен.

“Қазақша сөйлеуге міндеттісің” деп жүргізушіні қызды көліктен шығарып, бетін жұдырықтап ұра бастаған.

Бәрі жақын маңда өтіп бара жатқан қыздың айқайлап, полиция шақырамын дегенінен кейін аяқталған.

Алматы облысы Іле аудандық полиция басқармасында зардап шегушінің айтуынша, оған немқұрайлы қараған. Тергеуші оқиғаның егжей-тегжейіне назар аудармағаү және оның айғақтарының бір бөлігін хаттамаға енгізбеген.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі кейінірек түсініктеме беруге уәде берді.