Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Павлодар тұрғыны техника дүкенінде ойран салды (ВИДЕО)

Ал оқиғаға дейін 20 минут бұрын бір әйел полицияға қоңырау шалып, науқас баласының үйінен қашып кеткенін айтқан.

Павлодар тұрғыны техника дүкенінде ойран салды (ВИДЕО)
фото: дереккөз

Павлодар қаласының тұрғыны техника дүкеніне келіп, сөрелерден смартфондарды жерге лақтыра бастады. Болған жағдайдың барлығы бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Видео әлеуметтік желілерде жарияланды, деп хабарлады paryz.kz, Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Сатушылар мен дүкен күзетшісі бұзақыны ұстап үлгерді. Видеоның астына оқиғаның Лермонтов көшесі, 100 мекен-жайындағы "Технодом" дүкенінде болғандығы жазылған. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі осы жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Сатушылар полиция мен жедел жәрдем шақырды. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері дүкендегі жас жігіттің өзін агрессивті ұстағанын анықтады. Ол күзетшіге секіріп, содан кейін бірнеше гаджетті лақтырған. Оның психикалық ауруы бар екені анықталды. Ал оқиғаға дейін 20 минут бұрын бір әйел полицияға қоңырау шалып, науқас баласының үйінен қашып кеткенін айтқан", - деді облыстық ПД баспасөз қызметі Pavlodarnews.kz тілшілеріне.

Жедел жәрдем қызметкерлері 28 жастағы ер адамды ауруханаға емделуге жатқызды.