Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Қаскелеңде көкпарға қатысқан алты адам қамауға алынды

Қаскелең полициясы тұрғындардың өміріне қауіп төндірген көкпарға қатысқан алты адамды ұстады. Олар тәулікке қамауға алынған, деп хабарлайды Paryz.kzStan.kz-ке сілтеме жасап. 

Қаскелеңде көкпарға қатысқан алты адам қамауға алынды

Бастапқыда ойын қала сыртында өткені белгілі болды. Бірақ кейінірек қала көшелеріне көшкен. Ал ұйымдастырушы – бір жасар жиенінің құрметіне көкпар ұйымдастырған 66 жастағы зейнеткер.

"Қала тұрғындары мен көлік жүргізушілеріне қауіп төндіргені, сондай-ақ оларға материалдық залал келтірген алты көкпаршы ұсталды. Оларға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес ("ұсақ бұзақылық") әкімшілік іс қозғалды. Әрқайсысына он тәулік мерзімге әкімшілік қамау түріндегі жаза қолданылды Сондай-ақ 614-баптың 1-бөлігі ("көлікке кедергі жасау") бойынша да тіркелді", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Қаскелеңдегі көкпарды ұйымдастырғандар кешірім сұраған еді.