Елордадағы балабақшалардың біріндегі балалар ауладан қашып шығып, мекеме жанындағы құрылыс алаңына барған деп хабарлайды Paryz.kz, stan.kz-ке сілтеме жасап.
Олар қоршаудағы кішкентай тесік арқылы шығып кеткен. Аз уақыттан соң олар балабақшаға қайтарылған. Абырой болғанда, құрылыс алаңында балалар зардап шекпеген.
Оқиғадан кейін тәрбиеші мен меңгеруші жазаға тартылды.