Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Жұмыс туралы WhatsApp хабарламаға сенген тұрғындар 200 мың теңгелерінен айырылды

Қызылорда облысында жұмыс іздеген 16 тұрғын алаяқтың арбауына түсіп қалды, – деп хабарлайды Paryz.kz, Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жұмыс туралы WhatsApp хабарламаға сенген тұрғындар 200 мың теңгелерінен айырылды

«Теңіз» кен орнына жұмысқа орналастырамыз» деп 16 тұрғынды алдап соққан алаяқтар ұсталды.

Жәбірленуші 16 тұрғын 7 мамырда Байқоңыр полициясына арызданған.

Биыл наурыз-сәуір айларында екі азаматша WhatsApp мессенджері арқылы «топ құрамында ақшалай сыйақымен Атыраудағы Теңіз мұнай компаниясына жұмысқа орналастырып береміз» деп сенімге кіріп, әрқайсысынан 150-200 мың теңгені Kaspi Gold-қа аудартып алған.

Жәбірленушілерге келген шығын көлемі үш миллион теңгеге жуық. Полицейлер екі күдікті азаматшаны анықтап, ұстады. Екеуі де Қызылорда облысының тумасы.