Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Алматы облысында лай көшкіні кезінде жоғалған бүлдіршіннің денесі табылды

Текелі қаласындағы лай көшкіні кезінде құлаған үйдің үйіндісі астынан 2016 жылы туған бүлдіршіннің мәйіті табылды деп хабарлайды Paryz.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

Алматы облысында лай көшкіні кезінде жоғалған бүлдіршіннің денесі табылды

Қазір оқиға орнында облыс әкімінің бірінші орынбасары, штаб жетекшісі Лаззат Тұрлашов пен облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов жүр.

Лай көшкінінен зардап шеккен отбасылар уақытша мекенге орналастырылды және басқа да қажетті көмек көрсетілуде. Оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Соның нәтижесі бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.

Еске салсақ, бүгін түс кезінде Текеліде лай көшкіні болған. 5 үй батпақ үйіндісінің астында қалып, соның ішінде бір үй толығымен батып кеткен. Осы үйдегі 5 жасар бүлдіршін із-түзсіз жоғалып, оқиға орнында учаскелерге бөлініп, арнайы мамандар мен құтқарушылар жұмыс істеді. Іздеу жұмысына кинологиялық қызметті жұмылдырғаннан кейін үйінді арасынан 5 жастағы қыздың денесі табылды.