Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

"Жазған хаты табылды": Қостанайда прокуратура қызметкері асылып өлді

Оның денесі қала шетіндегі орманнан табылған. Суицид дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К-ға сілтеме жасап. 

"Жазған хаты табылды": Қостанайда прокуратура қызметкері асылып өлді
Сурет: ашық дереккөз

Қайғылы жағдай туралы ресми мәліметтер берілмей отыр.

Қоғам мүддесін қорғау бөлімі прокурорының өз-өзіне қол жұмсауына жеке басының мәселелері себеп болды деген болжам бар. Тексеру кезінде оның өлім алдында жазған хаты табылған. Хатта мұндай әрекетке не үшін барғанын түсіндіруге тырысқан көрінеді.