Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Қызылорда облысында атыс болып, 3 адам қаза тапты

Қызылорда қаласының шеткі аймағында бір топ адам арасында атыс болды. Бұған қатысты өңірдің полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Қызылорда облысында атыс болып, 3 адам қаза тапты
Сурет: ашық дереккөз

Әлеуметтік желідегі парақшаларда қайғылы оқиғаның 7 мамыр күні 19.45-те болғаны, одан 3 адам көз жұмып, 2 адам жарақат алғаны айтыған. Бұған қатысты Қызылорда облыстық полиция департаменті пікір білдірді.

Ведомство мәліметінше, Қызылорда қаласында болған атыс оқиғасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірынғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігімен тіркелген. Қазіргі уақытта бұл факт бойынша тиicтi сараптамалар тағайындалып, тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

"Басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етілмейді", - делінген облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.