Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Жұмысшысын аяусыз соққыға жыққан шаруаға қатысты жаза күшейтілмек

Алматы облысында жұмысшысын аяусыз соққыға жыққаны үшін ұсталған кәсіпкерге қылмыстық жаза қатаңдатылды, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Жұмысшысын аяусыз соққыға жыққан шаруаға қатысты жаза күшейтілмек

Тәртіп сақшыларының айтуынша, күдікті кәсіпкердің әрекеті қазір адам өлтіруге оқталу ретінде қарастырылуда.

“Бұған дейін Қылмыстық кодекстің 106-бабы “Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” бойынша тіркелген қылмыстық іс 99-баптың 2-бөлігі (Адам өлтіруге оқталу) санатына ауыстырылды. Заңға сәйкес, бұл бап бойынша жауапкершіліктің неғұрлым қатаң болуы қарастырылған”, – деді ол. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақсу аудандық полициясының тергеушілері куәгерлерден жауап алып, қажетті сараптамаларды тағайындап үлгерді.  Сондай-ақ, оқиға орнында куәгерлер түсірген видео қазір заттай айғақ ретінде қылмыстық істі тергеу материалдарына қоса тіркелгені нақтыланды.

Еске салайық, ер адам қол астында жұмыс жасайтын шаруаны аяусыз соққыға жыққан.