Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

"Ауласында асылып қалған": Алматыда мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсады

Алматыда 2006 жылы туған қыз өз-өзіне қол жұмсады. Әлеуметтік желіде пайда болған ақпаратты қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Ауласында асылып қалған": Алматыда мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсады
Сурет: ашық дереккөз

"Оқиға 4 мамырға қараған түні Алматының Медеу ауданында болды", - деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. 

Полицейлердің мәліметінше, 2006 жылы туған мектеп оқушысы ауласында асылып қалған.

"Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл фактҚазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 105 бабы бойынша тексерілуде", - деп қосты полицейлер. 

Ведомствода оқиғаның себебі мен өзге де мән-жайлар анықталып жатқанын атап өтті.