Нұр-Сұлтан қаласының Сығанақ көшесінде орналасқан тұрғын үйдің алтыншы қабатына автокранның ілгегі құлады. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде тараған видеодағы оқиғаны қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі растады.
"28 сәуір күні сағат 14:26-да Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының бөлімшелері 4 адам, бір техникадан жасақталған құраммен Сығанақ көшесі 2А мекенжайына шықты.Оқиға орнына жеткен бойда 6-қабаттағы пәтердің терезесіне автокранның ілгегі құлағаны белгілі болды".", - делінген ведомство хабарламасында.
Аталған орынға өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің мамандары жіберілген.