24 сәуір күні сағат 01:30 шамасында балық аулауға барған екі ағайындының бірі суға кетті.
Бұл туралы Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К.-ға сілтеме жасап.
Құрманғазы ауданында ағайынды екі жігіт балық ауламақ болып Қиғаш өзеніне барған. Түнгі сағат 01:30-да жігіттер отырған қайық аударылып, ағайындылардың үлкені өз бетімен жағалауға шыққан. Ал оның 29 жастағы інісі Қиғаш өзеніне батып кетті,
— делінген хабарламада.
24 сәуірде сағат 10:30-да суға батқан жігітті іздестіре бастады. Төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері марқұмның денесін сағат 13:45-те тауып, судан шығарды.