Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Қарағандыда төрт жастағы бала терезеден құлап кетті

Қарағандыда 4 жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті деп хабарлайды Paryz.kz, turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

Қарағандыда төрт жастағы бала терезеден құлап кетті
Сурет: Turkystan.kz

 

«19 сәуірде Құрылысшылар даңғылындағы үйде ойын баласы үлкендердің қарауынсыз қалып, екінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Бала ауруханаға жатқызылды», – деп хабарлады Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі.

Қарағандыда осымен бір жетіде оқыс оқиға қайталанып отыр. 16 сәуірде Гоголь көшесіндегі үйдің 5-қабатының терезесінен 3 жасар бала құлап кеткен еді. Қазір ол да ауруханада ем алып жатыр.