Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

"Жасырынып жүр": Болат Назарбаевтың ұлына үш рет кісі өлтірді деген айып тағылды

Алматы облысы Полиция депортаменті бастығының бұрынғы орынбасары Нұрбол Назарбаевқа үш кісіні өлтірді деген айып тағылды, деп хабарлайды Paryz.kzUlysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

"Жасырынып жүр": Болат Назарбаевтың ұлына үш рет кісі өлтірді деген айып тағылды
Сурет: Orda.kz

Оған Қаскелеңдегі атыс оқиғасы бойынша сотталған «Копчик» лақап атымен белгілі Бауыржан Көпжасаров пен басқалары куәлік етіп отыр. Бүгінде Нұрбол Назарбаев полициядан жасырынып жүр.

Нұрбол Назарбаев 2014-2017 жылдар аралығында Алматы облысы Полиция депортаментінің орынбасары қызметін атқарған. 2017 жылдан бастап «Prime Capital Holding» инвестициялық қорының бақылау кеңесінің төрағасы.

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы мәлімет бойынша, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев «Қазақмыс» корпорациясының директорлар кеңесінің мүшесі, бірқатар кәсіпорындардың иесі әрі қатысушысы. Кіші Назарбаев бірнеше базарға иелік етуімен қатар, көрші елдерден контрабанданы ұйымдастыруға да ат салысқан.

Еске салайық, наурыз айының басында Шамалған ауылы маңында Үшқоңыр және Әйтей ауданының тұрғындары арасында жаппай төбелес болған еді. Қақтығысқа Назарбаевтың жақын серіктерінің бірі делінетін Көпжасаров та қатысқан. Кейбір мәліметтерге қарағанда, қақтығысқа қатысушылар полицияға қарай оқ жаудырған.