Прямая трансляция

Астана

Астана

16°C

"Небәрі 32 жаста": Алматыда әйел адам 10-шы қабаттан құлап кетті

Куәгерлер жантүршігерлік оқиғаның Алма-Сити тұрғын үй кешенінде болғанын айтады, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К.-ға сілтеме жасап. 

"Небәрі 32 жаста": Алматыда әйел адам 10-шы қабаттан құлап кетті
Сурет: Exk.kz

Оқиғаны көзбен көргендердің айтуынша, жас келіншек тұрғын үйдің панорамалық терезесінен құлаған. Қазір ол жерде полицейлер тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Кейбір тұрғындар келіншек терезені жуып жүріп құлап кетті дегенді айтып жатыр.

Полиция департаментіндегілердің мәліметінше көз жұмған келіншек небәрі 32 жаста. Сондай-ақ қазір осы жағдайға байланысты қылмыстық іс басталған.

Аталмыш оқиғаға байланысты ҚР ҚК-нің 105-бабымен қылмыстық іс тіркелді. Қазір себептері анықталып жатыр. Сот медициналық сараптамасы тағайындалды,

— деп мәлімдеді полиция департаментінің өкілдері.