Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында өртенген көліктен ер адамның мәйіті табылды деп хабарлайды Paryz.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Өртенген көлік Матросов пен Энгельс көшелерінің қиылысында тұрған.
«Тілсіз жау ауыздықталғаннан кейін Mazda маркалы көліктің ішінен ер адамның мәйіті табылды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 204-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды» деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы тексерілу үстінде. Марқұмның кім екенін анықтау үшін тиісті сараптама тағайындалды.