Прямая трансляция

Астана

Астана

2°C

Алты ресейлік қылмыскер Қазақстанда ұсталды

Омбы қаласында 10 жыл бұрын адам ұрлады деп күдікке ілінген азамат Павлодар облысында қолға түсті, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Алты ресейлік қылмыскер Қазақстанда ұсталды
Сурет: ашық дереккөз

Ер адам "Іздеу" халықаралық шұғыл-профилактикалық шарасы аясында ұсталған.

"Екібастұзда 2012 жылдан бері Омбыда адам зорлағаны үшін іздеуде жүрген 33 жастағы ер адам ұсталды. Оған қатысты Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 131-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған", – деді Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Василий Скляр. 

Бұл бап 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. 

Сонымен қатар Павлодарда Жамбыл облысының тумасы да қолға түсті. Ол 2002 жылы Қырғызстанда жазасын өтеп жатқан түзету мекемесінен қашып кеткен. 

Шұғыл іздеу шарасы басталған уақыттан бастап полицейлер 10 қылмыскерді тапқан. Олардың алтауы  Ресей аумағында заң бұзғандар. Үшеуі аса ауыр қылмыс жасаған.