Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Алаяқ Instagram арқылы ақтөбеліктен ақша аударып алған

Ақтөбеде 43 жастағы азаматты "ақша ұттыңыз" деп алдап кеткен алаяқ іздестірілуде деп хабарлайды Paryz.kz, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алаяқ Instagram арқылы ақтөбеліктен ақша аударып алған
Сурет: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде алаяқтар "жалған" аккаунттар ашып, әртүрлі сылтаулармен сіздің ақшаңызды иемденуге әрекет жасауы мүмкін.

Мысалы, 8 наурыз күні 43 жастағы ақтөбелік Instagram әлеуметтік желісінде лотереядан 650 мың теңге ұтып алғаны және ұтысты алу үшін шағын сыйақы қажет екендігі туралы хабарлама алған. Жәбірленуші еш ойланбастан өз ұтысын қолма-қол ақшаға айналдыруға асығып, күдікті жіберген банктік шотқа 19 мың теңге аударған. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.