Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Алаяқ Шымкенттен кезексіз үй алып беремін деп 6 млн теңгеге алдаған

Шымкент қаласындағы Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті екі тұрғын арызданған. Олар алаяқтың арбауына сеніп, қомақты қаражаттарынан айырылған деп хабарлайды Paryz.kzturkystan.kz.-ке сілтеме жасап. 

Алаяқ Шымкенттен кезексіз үй алып беремін деп 6 млн теңгеге алдаған
Сурет: Turkystan.kz

Әйелдер өз арыздарында мемлекеттік бағдарлама арқылы кезексіз үй алып беруге уәде берген бейтаныс әйелге алданып қалғанын айтқан. Осылайша, күдікті алаяқтық жолмен біреуінен 5, ал екіншісінен 1 миллион теңге алған. Бірақ кейін телефонын өшіріп, байланысты үзген.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тіркеді. Қаратау аудандық ПБ тергеу бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталды.

Тергеу барысында оның бұған дейін де алаяқтық бойынша істі болғаны анықталды.