Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Өскемендік балалар бірнеше көлікті қасақана өртеп жіберген

Өскеменде 8 бен 11 жас аралығындағы ұлдар шетелдік көліктерді өртеп жіберген. Кейбір мәліметтер бойынша, олардың бірі ұстаздарына тиесілі болған, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Өскемендік балалар бірнеше көлікті қасақана өртеп жіберген
Сурет: Stan.kz

Күндіз ер адам BMW көлігін үйінің маңына қойған, кейін көршілері оның көлігі өртеніп жатқанын хабарлады.

Полицейлер дәл осындай жағдайда бұрын тағы екі көлікке – Lexus пен Nissan Liberty-ге зақым келгенін анықтады. Бұл да олардың жұмысы екенін жеткіншектер мойындаған.

"Полиция қызметкерлері полиция бөлімшесіне 8-11 жас аралығындағы үш кәмелетке толмаған жасөспірімді жеткізді. Қазіргі таңда аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 202-бабының 1-бөлігі "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. қомақты залал келтірген, өрт қою, жарылыс немесе басқа да жалпы қауіпті жолмен жасалған", - деп хабарлады ведомстводан.