Талдықорғанда Н.Назарбаевтың ескерткішін құлатты деп айыпталған Азамат Батырбаевтың уақытша ұстау изоляторында аяусыз соққыға жығылғаны белгілі болған еді. 37 жастағы Азаматты азаптау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ал 1 наурызда Азаматтың адвокаты күдіктінің қамауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Азамат Батырбаевтың қорғаушысы Бауыржан Азанов бұл туралы өз Facebook парақшасында жазды.
"Өкінішке орай қамауға алынғандар жайлы толық айта алмаймын. Мен Азамат Батырбаев сенім артатын адам ретінде оның қызығушылықтары толығымен қорғалып, жүзеге асқанын қалаймын", - деп жазды қорғаушы.
Айта кетейік, Азамат Батырбаевтың изоляторда азапталғаны жөнінде қорғаушысы айтқан еді. Оның сөзінше, полицейлер Батырбаевқа 10 қаңтарда дене жарақаттарын келтірген.