Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

48-жастағы ақтөбелік шаруашылығында құл ұстаған

Ақтөбе облысында 48 жастағы тұрғын құлдықтан құтқарылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

48-жастағы ақтөбелік шаруашылығында құл ұстаған
Сурет: ашық дереккөз

 "Ақтөбе облысында жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында 47 жастағы шаруа қожалығының басшысы ұсталды. Ол 2019 жылдың шілдесінен 2022 жылдың қаңтарына дейін 48 жастағы облыс тұрғынын күш көрсету және қорқыту арқылы жұмысқа салып келген. Ол көбінесе мал бағу мен үй шаруашылығындағы жұмыстарға жегілген. Қазір осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тексеру жүріп жатыр. Жәбірленуші қажетті көмек алу үшін дағдарыс орталығына орналастырылды", - деді ІІМ баспасөз өкілі Шұғыла Тұрлыбек арнайы брифингте.

Ал Қызылорда облысында колледждің 2 курс студентін алдау арқылы апта бойы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген әйел ұсталған.

"Ол интернетте интимдік қызмет көрсету туралы хабарландырулар жариялап, кірістің жартысын иемденіп отырған. Сондай-ақ, криминалдық полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласының теміржол вокзалындағы көліктегі полиция департаментімен бірлесіп Өзбекстанда адам саудасы үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады", - деді Шұғыла Тұрлыбек.