Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Рудный тұрғыны батпаққа түсіп кетіп, 2 сағаттан соң әрең шықты

Өрт сөндірушілер зейнеткерді құтқарып, дәрігерлерге тапсырды. Бұл туралы Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Рудный тұрғыны батпаққа түсіп кетіп, 2 сағаттан соң әрең шықты
сурет kstnews.kz сайтынан

68 жастағы Рудный қаласының тұрғыны саңырауқұлақ жинауға барып, батпаққа түсіп кеткен. Батпақтан шыға алмай, Тобыл өзенінің сағасында зейнеткер екі сағат бойы тұруға мәжбүр болды. Бұл уақыт аралығында ол батпаққа белуарға дейін кіріп кетті.

Құтқарушылар оны кешке тауып, құтқару арқаны  сатының көмегімен алып шықты.  Зейнеткер дәрігерлерге тапсырылды. Суық тигендіктен, ауруханаға жеткізілді.