Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Мәйітті еш құжатсыз берген»: Петропавлда әйелдің жұмбақ өлімі тексеріліп жатыр

Солтүстік Қазақстандық дәрігерлер ана өлімін жасырды. Арнайы тексеріс кезінде комиссия екі бірдей медициналық ұйымның 10-ға жуық қызметкерінің заңсыз әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды Paryz.kz, Halyk-uni.kz-ке сілтеме жасап. 

«Мәйітті еш құжатсыз берген»: Петропавлда әйелдің жұмбақ өлімі тексеріліп жатыр
Сурет: Halyk-uni.kz

Дәлірек айтқанда, 35 жастағы Большой Изюм ауылының тұрғыны Әйгерім Қазезова былтыр бесінші баласын дүниеге әкеліп, біренеше аптадан кейін Петропавл қаласындағы облыстық көпбейінді ауруханада көз жұмған. Алайда ақ халаттылар оның өлімін тіркемей, мәйітті Тайынша аудандық ауруханасына жіберген. Ал ондағылар марқұмның мәйітін туыстарына еш құжатсыз берген. Оған қоса, аудандық ауруханада оны қағаз жүзінде тағы бір ай коронавирустан емдеген. Тіпті бұл мақсатқа шамамен 2 миллион теңге қаржы жұмсалған.  

«Дәрігерлердің айтуынша, олар ана өлімін жасыру арқылы облыстық статистика (оң) көрсеткішін сақтап қалғысы келген. Арнайы комиссия ана өлімі фактісінің жасырылғанын растап отыр.  Медицина қызметкерлері де өз кінәсін мойындады. Ал, Тайынша аудандық ауруханасының мамандары бас дәрігердің нұсқауымен жұмыс істігенін мәлімдеді. Жоспардан тыс жүргізілген тексеру нәтижесі дайын. Біз оны денсаулық сақтау басқармасына, жемқорлыққа қарсы құқық қорғау органдарындарына жібердік. Енді осы материалдар бойынша процессуалды шешім қабылданады деп ойлаймын» - дейді медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің СҚО бойынша департаменті басшысы Дархан Тұрлыбеков.  

Әйгерім Қазезованың неден қайтыс болғаны әлі беймәлім. Себебі, уақытында тиісті шаралар жүргізілмеген. Қазір ана өлімі бойынша тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы 2021 жылы өңірде барлығы төрт ана өлімі тіркелген