Шығыс Қазақстанда көлік қаққан 11 жастағы бала көз жұмды,деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап.
19 ақпанда сағат 13:14-те мектептен автобуспен қайтып бара жатқан оқушы аялдамадан түскен. Кенет жол жиегінде тұрған баланы қарсы бағытта келе жатқан Audi маркалы автокөлік қағып кетті.
"Жүргізуші бірден жедел жәрдем дәрігерлерін шақырған. Алайда 11 жасар бала оқиға орнында мерт болды. Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - делінген ақпаратта.
Оған қатысты Қылмыстық Кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне (Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан жол жүрісі ережесін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.