Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Қызылорда базарында шетелдік өз-өзін өрттеп жіберді

Қызылорда базарларының бірінде кептірілген жеміс сатумен айналысқан ер адам сауда орны үшін үстіне бензин құйып өрттеді, деп хабарлайды Paryz.kz,Turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

Қызылорда базарында шетелдік өз-өзін өрттеп жіберді
Сурет: Turkystan.kz

Куәгерлер бұл оқиға туралы Instagram әлеуметтік желісінде жазған.

«Дау-дамай базардағы орын үшін басталды. Ер адам біздің көзімізше үстіне бензин құйып жіберді. Сосын оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келіп, оны алып кетті», – деп жазды желі қолданушылары.

Қалалық Полиция басқармасы осы оқиғаның бір күн бұрын болғанын растады.

«Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды. Ол кептірілген жеміс сатумен айналысады. Оған Әкімшілік құқықбұзушылық туралы әкімшілік құқықбұзушылық хаттама толтырылды. Іс шешім қабылдау үшін Қызылорда қаласының әкімшілік сотына жіберілді», – деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.