Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

«Қатыгездікпен өлтірілген» - Парагвайда қазақстандықтың денесі табылды

Парагвайда екі сөмкеден қазақстандықтың бөлшектелген денесі табылды, деп хабарлайды Paryz.kz, Aikyn.kz-ке сілтеме жасап. 

«Қатыгездікпен өлтірілген» - Парагвайда қазақстандықтың денесі табылды
Сурет: Aikyn.kz

Прокурорлар ер адамды азаптап, қатыгездікпен өлтірілгенін мәлімдеді.

«Екі сөмке табылды, оның ішінде Қазақстан азаматына тиесілі адам сүйегі болды»,  – деді прокурор Мария Ирина Альварес.

Қазіргі таңда Боливияның екі азаматы ұсталды. Олар марқұмның үйін жалға алып тұрған. Күдіктілер Парагвайға қарыздарынан құтылу үшін келген.

Қазақстандық кәсіпкер Михаил Васильевич Леготкин қонақүйдегі өз бөлмесінен жоғалып кеткен. Оны соңғы рет адамдар 3  ақпанда көрген.  Қонақ үй аумағынан полиция қан ізін тапқан. Бірнеше күн өткен соң Парагвай полициясы оның дене бөлшектерін  Ипана қаласының маңындағы шұңқырдан тапқан.