Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Қытай азаматы өз еркімен полицияға қару тапсырған

Нұр-Сұлтанда Қытай азаматы заңсыз атыс қаруының иесі болып шықты, деп хабарлайды Paryz.kzturkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

Қытай азаматы өз еркімен полицияға қару тапсырған
Сурет: Turkystan.kz

«Қару» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында вахталық қалашықтың 32 жастағы қызметкерінен тіркелмеген ойық мылтық пен оның 12 дана патроны тәркіленді. Айтуынша, бұл қаруды оған ұзақ уақыт сақтаған 56 жастағы қытай азаматы тапсырған. Сонымен қатар, шетелдіктің тұрғылықты жерін тексеру кезінде полиция мылтықтан оқ ататын гильзалар мен 22 патронды тапты», – делінген хабарламада.

Енді оған 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе 2 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу жазасы қолданылады.

«Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген мылтық – зауыттық тәсілмен дайындалған және атуға жарамды «ТОЗ-8м» маркалы аңшылық-спорттық мылтығы», – делінген хабарламада.

ҚР ҚК-нің 287-бабы («Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.