Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

"Темір арматураны қолданып, сабаған": Атырауда бір топ адам сотталып жатыр

Атырауда ауылдасын айуандықпен өлтірді деген күдікпен бір топ адам сотталып жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

"Темір арматураны қолданып, сабаған": Атырауда бір топ адам сотталып жатыр
Сурет: Inbusiness.kz

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Индер ауданы Есбол ауылының 30 жастағы тұрғыны Азамат Қалбағатаевтың өліміне қатысты сот отырысы басталды. 

Қайғылы жағдай былтыр 8 тамызда болған. Азамат Қалбағаевты бір топ жігіт алдап шақырып, ауыл шетіне алып кеткен. Ол жерде темір арматураны қолданып, асқан қатыгездікпен қанжоса қылып сабаған. Аяқ-қолы сынып, басы жарылған. Азаматты ауыл адамдары тауып алып, ауруханаға апарған. Бірақ жігіт есін жимастан аурухананың қабылдау бөлмесінде көз жұмады. Қылмыстық іс Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 7-тармағы ("Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша адам өлтіру") бойынша тергеліп, сотқа жіберілді. Айып орындығында 8 адам отыр. Олар 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.