Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Полиция ғимаратын жарғысы келген азамат Құранды оқып, алданғанын түсінді

Елорда полициясының ғимаратын жаруға әрекеттенген қазақстандық ұсталды. Ер адам сотталып, қазір Ақмола облысындағы колонияда жазасын өтеп жатыр. Сотталушы өзін мұндай қылмысқа не итермелегенін айтты, деп жазады Paryz.kzSn.kz-ке сілтеме жасап. 

Полиция ғимаратын жарғысы келген азамат Құранды оқып, алданғанын түсінді
Сурет: Sn.kz

Мен елорданың полиция ғимаратын жару үшін жарылғыш зат дайындап жатқанда ұсталдым, - дейді сотталушы.

Қуаныш - отбасындағы жалғыз ұл. Мектепте орташа оқыған ол анасы екеуі ғана тұрған. Мектеп бітірген соң жүргізуші курсын тәмамдапты. Алайда ол жұмыс істемей, үнемі өзімен-өзі қалуды жөн көрген. 

Қуаныш уақытын әлеуметтік желіде өткізіп, сол жерде Арманмен танысқан. Олар бір-бірімен жақсы тіл табысып кетіпті. Жаңа танысы оған ислам дінін ұстанатынын айтқан. 

2019 жылы мен ислам дініне келіп, бес уақыт намаз оқып, діни ғұрыптарды сақтай бастадым. Мен досым айтқанның бәрін орындадым, ол маған қатты әсер етіп, оған өзіме сенгендей сендім. Бір күні Арман маған видео көруді ұсынды. Онда жас жігіттердің алдымен намаз оқып, әңгімелескені, қала сыртындағы үйлерге шығып, спортзалда жаттығып, тир атумен айналысатыны көрсетілген. 

Бұл маған ұнады, Арман сонда баруды ұсынған кезде, менде келістім. Кейінірек оның Сирия соғысына қатысатын радикалды топ екенін, сонымен қатар Қазақстанда оның қызметіне тыйым салынғанын білдім, - деді сотталушы.

Қуаныштың сөзінше, досы дінді өз бетінше түсіндірген. 

Бауырлармен кездесуге барған соң мұсылмандарға көмектескім келді. Сенімге ие болу үшін топқа қосылуға ант берген бейнеүндеу жазуға тура келді.​ Араб сөздері жазылған қара тудың фонында басыма қара масканы тартып, мәтінді оқып шығып, радикалды ұйымның толыққанды мүшесі болдым, - дейді ер адам. 

Содан бері қазақстандық өзінің таныстарын қолдап, олардың сенімін бөлісіп, дәстүрлі исламды ұстанатындарға қарсы бола бастаған. Тіпті, ол жаңа қатысушыларды тарту жұмыстарын жүргізген.

Бірде Арман телефон соғып, басшымыз маған кәпірлермен күресу үшін өте жауапты тапсырманы – астаналық полиция ғимаратын жаруды тапсырғанын айтты. Бұл күні анам үйде болған еді. Ол әлдене сезгендей менен алыс кеткен жоқ. Ал менің жарылғыш заттың "салмасына" әлеуметтік желіден тапсырыс беруім керек болды. Ойымнан Арманның сөздері кетпей қойды: "Егер бәрін кедергісіз орындасаң, жақсы сыйақы аласың". 

Мен анама кетуін сұрап, айқайладым, ол жылап, бөлмеден шықты. Бәрі жоспар бойынша болды. Өзіме риза болған мен белгіленген орынға қарай бардым. Қойып жатқан сәтте мені арнайы қызмет қызметкерлері ұстап алды, - деді Қуаныш.

Астаналық азаматқа сот үкімі оқылып, 8,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бір жарым жыл өтті, мен көп нәрсені түсіндім, қатты өкінемін. Мен істегім келген нәрсе болмағаны үшін Аллаға алғыс айтамын. Бәрінен бұрын анамнан кешірім сұраймын. Ол мені бұрынғыша жақсы көреді және қолдайды. Мен мұнда алғаш рет Құранды оқып, мені алдағанын түсіндім, - деді сотталушы.