Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

21 жастағы шетелдік алаяқ Нұр-Сұлтанда 9 көлікті сатып үлгерген

Нұр-Сұлтанда жалға алынған автокөліктерді сатумен айналысқан Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлады Paryz.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 жастағы шетелдік алаяқ Нұр-Сұлтанда 9 көлікті сатып үлгерген
Сурет: Turkystan.kz

 

«21 жастағы шетелдік қысқа мерзім ішінде 9 автомобильді сатып үлгерген. Олардың алтауы тәркіленіп, иелеріне қайтарылды», – делінген хабарламада.

Полицияның мәліметінше, шетелдік азамат автомобильдерді ұзақ мерзімге жалға алған. Содан кейін оларды үшінші тұлғаларға сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды. ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі («Алаяқтық») бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция ол ұрлаған басқа көліктерді де іздестіріп жатыр.