Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Алматы облысында цехта жарылыс болды

Алдын ала болжам бойынша, апатты жағдай өндіріс технологиясының бұзылуы салдарынан болуы мүмкін.

Алматы облысында цехта жарылыс болды
Фото: ТЖМ-нің баспасөз қызметі

Алматы облысында дәретхана қағазын шығаратын цехта жарылыс болып, жұмысшы қаза тапты, деп хабарлады paryz.kz, Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында дәретхана қағазын шығаратын цехта жарылыс болған.

"Онда қағаз кептіруге арналған қазандықтың жарылғаны және ішінара шатырдың құлағаны туралы хабарлама түсті. Өрт болған жоқ. Апат салдарынан 1983 жылы туған жұмысшы қаза тапты. Ол үйіндінің астында қалған. Құтқарушылар оны шығарып алды. Ал 1999 жылы туған тағы бір жұмысшы түрлі жарақатпен Ұйғыр ауданының орталық ауруханасына жеткізілді", - деді Талғат Уәли.

 Ол цехтың ауданы 200 шаршы метр екенін айтты.

"Апат орнының көлемі - 25 шаршы метр. Цехтың төбесі шатыр түрінде жасалған, бір қабатты, профильді жабындымен жабылған, қабырғалары сплитерлік блок. Алдын ала болжам бойынша, апатты жағдай өндіріс технологиясының бұзылуы салдарынан болуы мүмкін", - дейді ресми өкіл.